Skip to main content

Халықаралық сертификаттар

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да халықаралық стандарттар енгізілді және жаңа халықаралық сертификаттар алынды:

1) ISO 9001:2015 – «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»,

2) ISO/IEC 20000-1:2018 – «Ақпараттық технологиялар. Қызметті басқару»,

3) ISO/IEC 27001:2022 – «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері. Талаптар».

Жоғарыда аталған стандарттардың барлығы интеграцияланған.

Жұмыстың негізгі элементтері:

  1. ISO 9001:2015 - БП-ға қойылатын талаптар, Қоғамның ішкі БП анықтау, теңестіру, басқару, үздіксіз жетілдіру, оларды стандарттау.
  2. ISO/IEC 20000-1:2018 - АТ-процестеріне, АТ ұйымының негізі болып табылатын 13 СУИС процесінің мониторингін, үйлестіруін, басқаруын және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
    • қызмет көрсету деңгейін басқару;
    • бюджеттеу және сервистерді есепке алуды басқару;
    • АТ қызметінің үздіксіздігін басқару;
    • қуаттарды басқару;
    • АТ қызметтерінің қолжетімділігін басқару;
    • АТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті басқару;
    • оқиғаларды және сервистік өтінімдерді басқару;
    • проблемаларды басқару;
    • конфигурацияны басқару;
    • релиздерді және орналастыруды басқару;
    • өзгерістерді басқару;
    • өнім берушілерді басқару;
    • іскерлік қатынастарды басқару.
  3. 3. ISO/IEC 27001:2022, сертификатының артықшылықтары:
    • АҚ және барлық АҚ талаптарының сақталуын қамтамасыз ету – «ҰАТ» АҚ-ның материалдық және материалдық емес активтерінің құпиялылығын, қолжетімділігін, тұтастығын қамтамасыз ету;
    • мемлекеттік сектор, өнім берушілер, тұтынушылар, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ реттеушілері тарапынан сенім;
    • серіктестерге, бәсекелестерге, тұтынушыларға, демеушілерге компаниядағы ақпараттық қауіпсіздікті басқаруды көрсету;
    • компанияның қызметі тұрақты және сенімді.
    • нақты қауіптерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылдау;
    • оқиғалардың ықтималдығын және олардан ықтимал залалдарды азайту.