«WSIS Prizes-2017»
2017 жылдың мамыр айында Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейлі Дүниежүзілік кездесу Форумы WSIS Prizes-2017 шеңберінде Қазақстан Республикасынан ұсынылған үш жоба – Электронды үкімет, Ашық үкімет және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы байқау жеңімпаздарының қатарына ілікті.
WSIS Prizes-2017беделді байқауына дүниежүзі бойынша 345 жоба қатысып, ашық дауыс беру мен әділқазылар алқасының сарапшылық бағасының қорытындысы бойынша 90 жоба өз санаттарынының үздік бестіктер қатарына ілікті. Аталған байқау 18 санат бойынша өткізілді. «Электронды үкімет» санатында Қазақстанның электронды үкіметі және Қазақстанның ашық үкіметі, ал «Мемлекеттік басқару органдары мен мүдделі тараптардың дамыту мақсатымен инфокоммуникациялық технологияларды қолданудағы рөлі» атты санатында 1414 Бірыңғай байланыс орталығы қатысты.