Skip to main content

Байланыс қызметтері

Байланыс қызметтері (МО БКО, Интернетке қол жеткізу, IP телефония, желіаралық қалқанды қорғауды ұйымдастыру арқылы сымсыз/спутниктік/жер үсті инфрақұрылымы негізінде виртуалды жеке желілерді ұйымдастыру)

Деректерді беру желісі базасында қорғалған корпоративтік IP желілерін ұйымдастыруға арналған IP/MPLS технологияларына негізінде МО виртуалды жеке желіні ұйымдастыру қызметі (оның ішінде: Интернетке кіру, IP телефония, желіаралық қалқанды қорғауды ұйымдастыру, қашықтан жұмыс істеу үшін деректерді беру).

  • МО БКО сымсыз сегменті Қазақстан Республикасының аудан орталықтарында орналасқан МО мекемелері арасында TCP/IP протокол стегі арқылы ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге арналған. «Қазақстан Республикасының аудан орталықтары үшін сымсыз жабдық негізіндегі қолжетімділік желісі» жобасы шеңберінде МО БКО үшін деректерді берудің сымсыз желісінің құрылысы жүргізілуде;
  • МО БКО спутниктік сегменті Қазақстан Республикасының облыс және аудан орталықтарын қамтиды. Байланысты ұйымдастыру схемасы аудан орталықтарына деректерді беру облыстық торап бағытында да, Астана қаласының орталық жер спутниктік станциясы бағытында да бір спутниктік қарғу арқылы жіберу мүмкіндігін береді;
  • МО БКО жерүсті сегменті Астана қаласындағы таратылған талшықты-оптикалық желіні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының облыс орталықтары мен Алматы, Шымкент қалаларындағы қалалық желілерді қамтиды.