Skip to main content

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы, E-license және Ашық үкімет порталдары, Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы, сондай-ақ «Цифрлық құжаттар» сервисі сияқты «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін қызметтердің жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлайды. 

Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу процесі қалпына келтірілді. 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.