Skip to main content

eGov.kz порталда колледжге түсу үшін құжаттарды тапсыруға болады

Пайдаланушылар eGov.kz порталында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдауға онлайн-өтінім бере алады. Қызметті іске қосу колледждерге және басқа білім беру мекемелеріне түсу үшін құжаттарды тапсыру процесін жеделдетеді және жеңілдетеді.

Енді пайдаланушы құжаттарды тапсырған кезде оқу тілін және оқуды жоспарлап отырған өңірді таңдай алады. Қажетті құжаттар тізімі айтарлықтай қысқарды. eGov.kz порталында өтінім беру процесінде бұрын алған білімі (оқу орындарының аттестаты мен дипломы), талапкердің бағалары және оның сертификатының жалпы балы туралы ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ жекелеген жеңілдікті санаттағы азаматтар үшін растайтын құжаттарды қоса берудің қажеті жоқ. Жүйе өтініш берген кезде мәртебе туралы қосымша ақпаратты автоматты түрде көрсетеді (I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және т.б.).

Бұдан басқа пайдаланушыларда өтінім күйін бақылауға және қажет болған жағдайда оны қайтарып алуға мүмкіндік пайда болды. Бір талапкер 4 түрлі колледжге 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігімен бір ғана өтінім бере алатынын айта кету керек.

Өтінім беру үшін талапкер:

- eGov.kz порталында авторизация жасауы;

- «Білім» бөліміне өтіп, «Колледждер» санатын таңдауы;

- қызметтер тізімінен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» құжатының қажетті санатын таңдауы;

- барлық қажетті өрістерді толтыруы және файлдарды жүктеуі;

- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қоюы;

- Жеке кабинетте көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуы қажет.

Қызметті Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «ҰАТ» АҚ және А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ҰЗББО АҚ-мен бірлесіп автоматтандырды және іске қосты.