Қазақстандықтар білім беру ұйымдарына онлайн режимінде құжаттарды қабылдауға өтінім мәртебесін тексере алады
"Электрондық үкімет" порталында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдауға бұрын берілген өтінімнің мәртебесін тексеру бойынша жаңа сервис іске қосылды.
"Біз құжаттарды қабылдау және мектепке дейінгі ұйымдарға алыну бойынша қызмет eGov.kz Порталында үлкен танымалдыққа ие болады деп ойлаймыз. Сондықтан да біз берілген өтініштерді қадағалау процесін қарапайым әрі бәріне түсінікті етуге тырысамыз", - деп түсінік берді "ҰАТ"АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өту қажет. "Сервистер" бөліміндегі тізімнен "Мектепке өтінім мәртебесін тексеру сервисі" дегенді таңдау қажет. Бұдан әрі, өтініштің бірегей кодын енгізіп, жеке кабинетте, "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу керек.
Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру және оқу жылының басына орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару немесе қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.