Проактивті форматта азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды және босатуды қамтамасыз ету
Енді мемлекет Қазақстан азаматтарына құжатсыз проактивті форматта әскери қызмет мәртебесі туралы мемлекеттік қызметті алуды ұсынады. Азаматтарды мерзімді әскери қызметтен босату және әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы мәліметтер ҚР әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңының талаптары шеңберінде ұсынылады.
Әскерге шақырушыларға 1414 нөмірінен шақыру мәртебесі туралы SMS хабарлама жіберіледі. Бұл хабарламаны мемлекеттік деректер қорында қамтылған ҚР әскери қызмет туралы Заңының талаптарына сәйкес келетін 18-27 жас аралығындағы жас жігіттер алады.
Проактивті қызмет ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылды. Қазіргі уақытта хабарландырулар екі мәртебе бойынша жіберіледі:
- Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;
- Әскери қызметтен босату.
Айта кету керек, хабарламаларды Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген азаматтар ғана алады.
«ҚР ЦДИАӨМ, ҚР Қорғаныс министрлігі және «ҰАТ» АҚ бірлескен жұмысының арқасында әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату қызметі проактивті форматқа көшірілді. Қазір соның арқасында көптеген әскерге шақырылғандар өз мәртебесін алдын ала біледі. Проактивті қызметтерді пайдалану ыңғайлы, себебі мемлекет бізге қажетті қызметті ұсынып, қызмет берушінің тарапынан құжаттарды жинау қажеттілігін болдырмайды. Осылайша, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап 320 мың азамат 1414 нөмірінен SMS хабарлама алды»,- деп атап өтті Ростислав Коняшкин.
Аталмыш қызмет «Ұлттық ақпараттық технлологиялар» АҚ «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесін ҚР мемлекеттік органдарының деректер базаларымен, оның ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінің деректер базасымен интегрецияланудың арқасында іске қосылды.
«Digital Almaty 2023» жыл сайынғы V Халықаралық цифрлық форумында Оңтүстік Кореяның электронды үкіметінің операторы, үлкен деректер саласындағы халықаралық сарапшы National Information Society Agency (NIA) Президенті Хван Чон Сон «Smart Data Ukimet» жетістіктеріне тәнті болып, жоғары баға берді және жобаны әлемдегі ең үздік мемлекеттік деректер қызметтерінің бірі екенін атап өтті.