Жобалар
«Электрондық үкімет» порталы
«Электрондық үкімет» порталы - веб-порталы 2006 жылдың сәуір айында іске қосылды. Бастапқы кезеңде сайт мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық сипатта болды. Жылдар өте сайт трансформацияланды, "электрондық үкімет" порталында әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен төлем сервистерін іске қосу жұмыстары жүргізілді. Портал пайдаланушысына жеке кабинетте дербес деректерден басқа "Әскери қызметке қатынас", "Электрондық денсаулық паспорты", "Еңбек қызметі", "Электрондық үй кітабы" сияқты бөлімдер және пайдаланушы туралы басқа да көптеген мәлімет қолжетімді.
Құру мақсаты: адамның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын болдырмау, мемлекеттік органдар қызметінің ашық және жария болуын арттыру және азаматтар мен бизнес-құрылымдардың мемлекеттік қызметтерге жүгінуі кезінде бюрократия деңгейін төмендету жолымен халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сыбайлас жемқорлық факторын төмендету. Идея "бір терезе" принципі бойынша кешенді қызметтер көрсетуге көшуден тұрады, бұл кезде пайдаланушыға қызметтер мен проактивті қызметтердің тетіктері онлайн режимінде бір сұрау салу арқылы, бірнеше ведомстволарға барусыз, қызметке мүлде жүгінусіз қолжетімді болады.
Артықшылықтары: мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу, сөзсіз, бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, бұл уақыт пен ресурстарды үнемдеу. Екіншіден, бұл мемлекеттік қызметті ауылдық жерден қалаға дейін, сондай-ақ ҚР аумағынан тыс жерлерде алудың ыңғайлылығы мен қолайлығы. Жыл сайын "электрондық үкіметтің" порталында азаматтарға қолайлы болуы үшін жаңа әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет автоматтандырылады.
Жетістіктер: 2019 жылы Қазнеттің 25 жылдығына орай "Электрондық үкіметтің" порталы "Үздік мемлекеттік онлайн жоба" деген марапатқа ие болды. Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша "электрондық үкіметтің" порталында мемлекеттік қызметтің 90%-дан астамы автоматтандырылды.
- БҰҰ-ның онлайн-қызметтер Индексінде 10-орын (UN EGDI OSI subindex 2024) (ТМД елдері арасында 1-орын);
- БҰҰ электрондық үкіметінің даму Индексінде 24-ші орын (UN EGDI 2024) (Дүниежүзілік мұхитқа қол жеткізе алмайтын елдер арасында 1-ші орын);
- SUBINDEX PSDI (World Bank GTMI - Group «A») 2022 мемлекеттік қызметтерді көрсету индексінде 6-орын.
Е-лицензиялау
Е-лицензиялау мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі лицензиялау процестерін, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және лицензиар мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының бизнес - қоғамдастығы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімді, ашық тетігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Жүйе Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастыру мен дамыту бағдарламасы және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іске асырылды.
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі жобасын іске асыру екі кезеңде, 7 жыл ішінде жүзеге асырылды:
1 кезең: 2008 - 2012 жылдар - лицензиялау процестерін автоматтандыру;
2 кезең: 2012 - 2014 жылдар - рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру.
2015 жылдан бастап ағымдағы күнге дейін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-ны сүйемелдеу мен түрлендіру жүзеге асырылады.
«Е-лицензиялау» порталы (http://elicense.kz) жеке және заңды тұлғаларға (азаматтар мен ұйымдарға) мынадай артықшылықтар береді:
* лицензия мен рұқсат құжаттарын алу тәртібі туралы ақпарат алу, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес біліктілік талаптарымен және қажетті құжаттар тізбесімен танысу;
* алуға, қайта ресімдеуге электрондық өтініш беру, бұл ретте интеграциялау және оңтайландыру есебінен ұйымның жарғылық құжаттарының, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын өзге де мәліметтердің қажеттілігі жойылады;
* лицензия алуға өтініш және лицензияға қосымша берген кезде мемлекеттік баждың, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы рұқсат беру құжаттарының электрондық төлемі;
* лицензия мен рұқсат құжаттарын алу үшін құжаттардың толық пакетін тіркеуді қысқарту;
* электрондық өтініштерді қарау мерзімі мен деңгейін бақылау;
* өтініштң өңделуіне мониторинг жүргізу, бас тартылған жағдайда - Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес негізделген бас тартуды алу;
* қызметтің нәтижесін электрондық түрде алу, бұл ретте қағаз өтініштер бойынша немесе ХҚКО арқылы берілген лицензиялар мен рұқсат құжаттары да порталда электрондық форматта сақталады;
* электрондық құжаттарды жеке кабинетте сақтау;
* мемлекеттік органға лицензиялар бойынша есептілікті электрондық түрде ұсыну;
* еркін қол жеткізілетін Интернет-ресурсында лицензияның және рұқсат беру құжаттарының жарамдылығын тексеру.
2011 жылдан бастап электрондық және қағаз лицензиялардың күші теңестірілді, сондай-ақ 2012 жылдан бастап - лицензияларды тек электрондық түрде беру туралы заңнамалық талап енгізілді, бұл мемлекеттік органдардың 100% қатысуын қамтамасыз етті және жобаның екінші кезегін - рұқсат беру құжаттарын электрондық форматқа көшіру үшін жүйені дамытуға мүмкіндік берді.
Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың рұқсат беру құжаттары мен лицензиялар санын оңтайландыру мен қысқартуды ескерумен қазіргі уақытта «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ порталында 445 автоматтандырылған қызмет (87 - лицензия, 302 - рұқсат, 55 - хабарлама, 1 - СБӨ анықтамасы) жұмыс істейді. Автоматтандыру басталғаннан бері берілген Лицензия саны - 684 884; Рұқсаттар - 12 468 049; Хабарлама тәртібі - 4 489 732.
Жетістіктер:
2013 жылғы 13 мамырда Женевада Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесу форумы аясында өткен WSIS Project Prizes 2013 халықаралық байқауының нәтижелері жарияланды. Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау жүйесі (www.elicense.kz) «E-Business» санатындағы Үздік жоба атанды. Жоба жетістігінің тарихы Халықаралық электр байланысы одағының ресми ресурсында жарияланды.
2014 жылғы қаңтардан бастап лицензиялау процесін оңтайландыруды ескерумен лицензиялаудың барлық түріне - «Мәліметтер нысандары» декларативті түрде өтініш беру іске қосылды. Яғни, бұл нысан өтініш берушілерге мәліметтерді қолмен толтыруға мүмкіндік береді және көптеген қажетті құжатты тіркеу саны азаяды.
2022 жылғы шілдеде жеке тұлғалар (ЖТ) үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да бір реттік код арқылы авторизациялаудың/тіркеудің жаңа әдісі бойынша функционал автоматтандырылды.
Smart Bridge-де жарияланған сервистерге қосылу арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ мен МГОВ арасындағы интеграция шеңберінде 2022 жылғы шілдеде «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да авторизациялаудың/тіркеудің жаңа әдісі бойынша жұмыстар жүргізілді.
QR-код бойынша қызметті авторизациялау мен қол қоюдың жаңа әдісі бойынша функционал автоматтандырылды.
Smart Bridge-де жарияланған сервистерге қосылу арқылы «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ мен МГОВ арасындағы интеграция шеңберінде 2022 жылғы жылғы қарашада «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да мобильді құрылғылар (смартфон) арқылы QR кодын сканерлеу жолымен қызметке авторизациялаудың және оған қол қоюдың жаңа әдісін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мобильдік үкімет
Электрондық үкіметтің "eGov Mobile" мобильді қосымшасы- мобильді байланыс құрылғылары арқылы халыққа мемлекеттік қызметтер мен сервистерді ұсыну үшін eGov.kz жаңартылған экожүйесі.
Мобильді қосымша цифрлық қолтаңбаны төрт таңбалы PIN кодқа және құрылғының кіріктірілген биометриясына (Face ID, Touch ID) байланыстыру арқылы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.Мұны бір рет жасағаннан кейін, Сіз ЭЦҚ-ны таңдауға және қызметтерді авторизациялау мен алу кезінде құпия сөзді қайтадан енгізбеуге мүмкіндігіңіз бар.
Мобильді қосымшаға кіру арқылы сіз қызметтердің кең спектрін аласыз:
- Сандық құжаттарға жылдам қол жеткізу;
- Қызметтер тізімдеріне жылдам қол жеткізу;
- QR және CROSS - қол қою;
- Өмірлік жағдайлар;
- eGov mobile-да дербес деректерді қарау үшін жеке кабинет әзірленді, онда отбасы, жеке құжаттар, әлеуметтік мәртебе, зейнетақы жинақтары, еңбек қызметі, бизнес, менің карталарым, авто және жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, әкімшілік айыппұлдар және т. б. туралы әртүрлі мемлекеттік дерекқорлардан дербес ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ ЭЦҚ қолданылу мерзімі туралы ақпарат қолжетімді. Қолданба параметрлері, жиі қойылатын сұрақтар, виртуалды көмекші, бізбен байланысыңыз, қате туралы хабарлаңыз;
- Мемлекеттік қызметтерді, ақпараттық сервистерді, төлемдер мен хабарламаларды қамтитын қызметтер каталогы;
- PUSH хабарламасы арқылы электрондық құжаттарға қол қою;
- SMS-хабарламалар арқылы мобильді электрондық қызметтер.
SMS-хабарламалар арқылы мобильдік электрондық көрсетілетін қызметтер SMS-пен мынадай функционал қолжетімді:
- біржолғы парольді (OTP*) пайдалану арқылы авторизациялау және көрсетілетін қызметтерді алу;
- композиттік қызметтер;
- sms - әртүрлі оқиғалар, хабарландырулар, оның ішінде өтінімдердің мәртебесі туралы хабарламалар;
- көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау.
SMS хабарламалар арқылы келесі функционалдылықты пайдалануға болады:
- Белсенді қызметтер;
- Түрлі оқиғалар бойынша SMS-хабарламалар, оның ішінде өтінімдердің мәртебесі туралы хабарламалар;
- Қызмет сапасын бағалау.
Egov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын Google Play - де (Android - тің қажетті нұсқасы-5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppGallery, AppStore-да (iOS-тың қажетті нұсқасы-11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеуге болады.
Ашық үкімет
«Ашық үкіметті» құру 2013 жылы басталды. Бүгінгі күні «Ашық үкімет» Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі Бесінші институционалдық реформаны жүзеге асыру, оның ішінде 94 және 96-қадамдарды орындау шеңберінде дамуын жалғастыруда. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 15 қарашадағы және «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы ҚРЗ қабылданды.
Ашық үкімет төмендегі порталдардан тұрады: ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.
Ашық деректер порталы – бұл мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді деректері машинада оқылатын түрде орналастырылатын платформа, ол Қоғамға ақпарат иелерінен сенімді ашық деректерді қолайлы нысанда, оның ішінде қайта пайдалану үшін алуға мүмкіндік береді.
«Нормативтік құқықтық актілер» порталы әзірленіп жатқан заң жобалары мен құқықтық актілерді талқылауға арналған бірыңғай алаң. Әркім өз пікірін білдіріп, құқықтық актілерді әзірлеуге қатыса алады.
«Ашық диалог» порталы азаматтық қоғам мен қоғам арасында тиімді кері байланысты орнату алаңы болып табылады.
Бұл портал мыналарды қамтиды:
- квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшыларына арналған блог-платформа;
- интернет-конференция;
- «сауалнама» жүйесі.
«Ашық бюджеттер» порталы азаматтардың мемлекеттегі «бюджет» түсінігін жеңілдету және бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» – азаматтар мен үкімет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған портал, онда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау туралы ақпарат және стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептер орналастырылады.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы
Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың барлық сайттарын бірыңғай және қолайлы құрылымға біріктірген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы ақпарат алудың және халықтың олармен өзара іс-қимылының бірыңғай терезесіне айналды. Платформа 3400-ден астам сайттың конструкторы болып табылады, онда әзірлеушінің дағдылары жоқ мемлекеттік органның қызметкері жаңалықты 1 минут ішінде орналастыра алады, тіпті жеке кабинет арқылы 15 минут ішінде сайт жасай алады.
Платформа Gov.kz адресі бойынша орналасқан және оның мобильді қосымшасы, қолайлы интерфейсі мен интуитивті навигациясы бар. Интернет-ресурс азаматтардың қолайлығы үшін қажетті нұсқаулық алуға және мемлекеттік қызметке онлайн түрінде тапсырыс беруге мүмкіндігі бар өмірлік жағдай бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді құрылымдап, адам үшін қолайлы етіп құрылған.
Интернет-ресурс: www.gov.kz
Smart Data Ukimet
Smart Data Ukimet - мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинау, сақтау және кешенді талдауға арналған ақпараттық-аналитикалық жүйе.
Қазіргі уақытта SDU-мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ақпараттық жүйелерінің 100 деректер қоры интеграцияланған, олар үлкен деректер негізінде шешім қабылдау жүйелерін құру үшін күн сайын «Деректер көліне» көшіріледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Data Driven-Government тұжырымдамасына сәйкес басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында Үкіметті объективті аналитикалық деректермен қамтамасыз етуге бағытталған 20-дан астам статистикалық дашборд іске асырылды.
Азаматтар мен бизнестің барлық дербес және сезімтал деректері шифрлау рәсімінен өтеді және дербестендірілмеген ақпарат массиві түрінде «Деректер көліне» түседі.
SDU платформасындағы ең маңызды кейс – халықтың әлеуметтік осал топтарын анықтау және оларға мемлекеттік қолдау шараларын бағыттау мақсатында бүкіл ел бойынша отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатын бақылауға арналған «Отбасының цифрлық картасы» жобасы болып табылады.
SDU ААЖ мемлекеттік органдардың деректерді басқарудағы мүмкіндіктерін едәуір жақсартады, бұл өз кезегінде тиімді шешім қабылдауға және ағымдағы жағдайды дәлірек талдауға ықпал етеді.
SDU ақпараттық-талдау жүйесі 2023 жылғы беделді Future of Government Awards марапатында Open Source Adaption санатында ТОП-3 (highly recommended) қатарына енді. Әлемнің 50 елінен 300 жобаның ішінде SDU жобасын ұйымдастырушылар – БҰҰ ДБ, Public Digital және AWS институты атап өтті, және басқа елдерде пайдалануға ұсынылады.
«Электрондық үкімет» шлюзі
«Электрондық үкімет» шлюзі - «электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес Ақпараттық жүйелерді («электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы) интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.
Жобаның мақсаты: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясын қамтамасыз ету.
Мақсаты: мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы Интернет желісіндегі ақпараттық жүйелер арасында ақпарат алмасуды оңтайландыру үшін пайдаланылады.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Электрондық үкімет» шлюзі (ЭҮШ) 2009 жылы іске қосылды.
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі
«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) «электрондық үкімет» шеңберінде электрондық мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
ЭҮТШ – нің міндеттері мен бағыттары:
- «электрондық үкіметтің» шеңберінде ұсынылатын салықтарды және бюджетке төлемдерді төлеу талап ететін мемлекеттік қызметтерді төлеу процесін автоматтандыру;
- мемлекеттік қызметтерді өзекті ақпараттық төлемдер бойынша базасын құру және оған уәкілетті органдарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы халқын «электрондық үкіметтің» шеңберінде қол жетімді механизмдерін және мемлекеттік қызметтерді төлеу тәсілдермен қамтамасыз ету.
Егер бұрын қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, қазір
- Салық және басқа міндетті төлемдер «электрондық үкіметтің» веб-порталы, mGov Web-қосымша, «Салық төлеуші кабинеті», ХКО ЫАЖ, «Е-лицензиялау» МДҚ, Сот кабинетінің сервисі, ҚРҚМ ММЖК Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы және мемлекеттік органдарының басқа жүйелері арқылы екінші деңгейдегі банктердің және «Қазпошта» АҚ бойынша бюджетке төлеу сервисі, шот-өтінімі бойынша ақы төлеу;
- Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары төлеу сервисі;
- Алматы қ. және Астана қ. коммуналдық қызметтер төлемі сервисі;
- Ұялы байланыс төлемі сервисі;
- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы депозиттік/несиелік шотты толықтыру сервисі;
- «Қазпошта» АҚ атқарушылық іс жүргізу бойынша берешектерді төлеу сервисі арқылы қызметті онлайн төлеуге болады.
ЭҮТШ сервистеріне 32 екінші деңгейдегі банктері және «Қазпошта»АҚ қосылған.«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл келесі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидалары;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 276 бұйрығымен бекітілген Банктердің "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі қағидалары.
Е-нотариат
«Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі.
2010 жылғы 1 қазаннан бастап бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе іске қосылды. Нотариус – құжаттар мен мәмілелерді куәландыратын тұлға. Еліміздің азаматтары мыңдаған жағдайда нотариусқа жүгінеді: дипломның көшірмесін, құжаттарды шетелге шығу кезінде, пәтер сатып алу немесе сату, мұраны рәсімдеу кезінде. Егер бұрын дұрыс дайындалмай, азаматтар қажетті анықтамаларды жинауға, жақын жердегі нотариаттық кеңсені іздеуге, қажетті құжаттарды алуға көп уақыт жұмсаған болса, енді «Е-Нотариат» жүйесі енгізе отырып, клиенттер де, нотариустардың өздері де көп уақыт пен күш жұмсады.
Қосылғандар: 4600-ден астам нотариус.
Қолжетімді ақпаратты тексеру қызметтері:
- Нотариустарды іздеу;
- Мұрагерлерді іздеу;
- QR кодын тексеру;
- Сенімхатты тексеру;
- Мұрагерлік істерді тексеру;
22 жүйемен және банктермен интеграция.
Жылдамдылық және тиімділік: клиенттерден сұралатын құжаттардың санын азайту және олармен бірге әкелетін құжаттардың түпнұсқалығын тексеру. Электрондық нотариат жүйесі басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және мәліметтер базасыменинтеграцияланған. Бұл интеграция Қазақстандағы нотариустарға нотариаттық іс-қимылдар жасау кезінде жеке, заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты онлайн сұратуға көмектеседі.
Транспаренттілік: нотариустың барлық әрекеттері, барлық транзакциялар мен ақпарат сұрау салулары жүйеде тіркеледі.
Нотариустар жұмысын оңтайландыру: Жүйе барлық жасалған нотариаттық іс-қимылдардың электрондық тізілімін жүргізеді және бұл қажетті ақпаратты оңай табуға мүскіндік береді. Жүйе Нотариаттық палатаға берілетін нотариалдық есептерді автоматты түрде жасайды.
Жұмыс сапасы: Е-нотариат жүйесімен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтар порталда тұрақты түрде жарияланады.
Қарапайымдылық: Порталдың басты бетінен азаматтар облыстағы барлық нотариустар, олардың мекенжайлары мен байланыстары, лицензиялары туралы ақпаратты таба алады.
Қолжетімділк: жүйені пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары нотариаттық қызметті реттейтін заңнамалық базаны, сондай-ақ елдегі нотариат мәселелерін қадағалайтын аумақтық палаталар мен әділет органдарының байланыстарын таба алады.
Кедергілер мен бюрократияны төмендету: қазіргі уақытта көптеген транзакцияларды аяқтау үшін Қазақстандағы нотариус клиенттеріне мекенжай анықтамалары, жылжымайтын мүлік туралы анықтамалар, соттылығы және әрекет қабілеттілігі сияқты құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Өзіңізбен бірге ЖСН бар жеке куәлік болса жеткілікті. Бұл әртүрлі жүйелермен және мәліметтер базасымен өзара іс-қимыл жасайтын E-нотариат жүйесінің арқасында мүмкін болды.
Мәміле жасау кезіндегі қауіпсіздік: Е-нотариат жүйесінің арқасында Қазақстан Республикасының азаматтары нотариусқа хабарласқан жағдайда заңсыз немесе жалған мәмілелердің жасалмайтынына сенімді бола алады. Мысалы, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесін орындаған кезде нотариус сатушының құжаттарының түпнұсқалығын және оның жылжымайтын мүлікке құқықтарын тексере алады, сондай-ақ оған ауыртпалық немесе тыйым салудың жоқ екеніне көз жеткізе алады.
Қолайлылық: Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тікелей нотариалдық кеңседен тіркеуге болады. Азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін оған құқықтарды қосымша органдарға жүгінбей-ақ тіркей алады. Тараптар арасында жылжымайтын мүлікке шарт жасағаннан кейін нотариус «Е-нотариат» жүйесін пайдалана отырып, мемлекеттік органға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы сұрау салуды жібереді.
Е-Заң көмегі
Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 шілдедегі №176-VI Заңының 24-бабын орындау үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Е - Заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі ақпараттық жүйесін (бұдан әрі «Е - Заң көмегі») әзірледі.
«Е - Заң көмегі» жобасының мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегіне мұқтаж ету, адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.
«Е - Заң көмегі» артықшылықтары:
- «Е - Заң көмегі» арқылы жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді енгізу арқылы азаматтарға консультация беру кезеңінде тиімді құқықтық көмек көрсету мүмкіндігі;
- адвокаттар мен заң консультанттарын сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің замануи құралдарымен қамтамасыз ету;
- қорғаушы немесе өкіл ретінде өз міндеттерін орындау кезінде дәлелдемелер жинау жөніндегі жұмыс процесін жеделдету;
- онлайн режимінде мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсетуді және есепке алуды автоматтандыру;
- сот пен құқық қорғау органдарына адвокаттар мен Заң консультанттарының мәртебесі мен өкілеттіктерін онлайн режимде тексеруге мүмкіндік беру;
- заң консультанттары палатасына мүшелік тізілімін жүргізу;;
- Заң консультанттарының электрондық тізілімінен үзінді көшірме алу мүмкіндігі;
- міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен үзінді алу мүмкіндігі);
- адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға мәліметтер сұрау бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау;
- аумақтық адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының веб-порталдарын жүргізу;
- заңнамаға байланысты кез-келген мәселенің оңтайлы шешімін тез табуға мүмкіндік беретін құқықтық ақпарат кешені, сондай-ақ ақпараттың үлкен көлемін талдау мүмкіндігі бар анықтамалық-құқықтық жүйе.
Smart Bridge
Smart Bridge жобасы-ақпаратпен неғұрлым тиімді алмасуға және жалпы ашықтық пен үйлестіруді жақсартуға ықпал ете отырып, мемлекеттік құрылымдар мен жеке бизнес арасындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау процестерін жеңілдетуге бағытталған «Сервистер витринасы» платформасы түріндегі ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет.
«Сервистер витринасы» платформасы төмендегі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:
* сервистің техникалық сипаттамасын және сервис иесінің және ақпараттық жүйені әзірлеушінің байланыс деректерін ұсына отырып, мемлекеттік органдар мен жеке сектордың ақпараттық жүйелері сервистерінің бірыңғай каталогын құру;
«электрондық үкімет» шлюзі арқылы сервистер витринасының порталында жарияланған сервистерге қол жеткізу процестерін автоматтандыру;
* коннекторлар (сервис конструкторы) арқылы ақпараттық жүйелердің жаңа ақпараттық сервистерін құру процесін автоматтандыру.
Қағаз айналымы қысқартылып, деректер қорын интеграциялау процесі жеделдетілді, осылайша 2020 жылдан бастап 4,5 мыңға жуық интеграция жүргізілді.
Танымал 5 екінші деңгейдегі банктер бұл шешімді пайдаланады және өз қосымшаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынады. Жұмыс платформасының мысалы ретінде көптеген банктер клиенттерге пайда болған айыппұлдар мен салықтар туралы хабарлай, автокөлікті қайта рәсімдей, цифрлық ипотека бере және есеп беру жүйесі арқылы салық есептілігіне жібере алады.
Smart Bridge пайда болуымен келесі нәтижелер алынды:
1) бүкіл процесс 3 айдан 1 айға дейін қысқарды;
2) бұрын 8 келісім, енді тек 1;
3) 8 хатпен нөлге дейін;
4) 4 Техникалық құжаттан 1 онлайн-нысанға дейін
«Smart Bridge» порталының адресі (сервистер көрмесі): sb.egov.kz.
ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін береді. ҚР ҰКО құрудың мақсаты Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына сенімді аутентификация және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын ұсыну болып табылады.
ҚР ҰКО 2008 жылғы 29 қазанда өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
Елімізде коронавирустық инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Digital ID технологиясын пайдаланушыны бейне сәйкестендіруді қолдана отырып, ХҚКО бармай-ақ «электрондық үкімет» порталы арқылы «ЭЦҚ қашықтықтан алу» Мемлекеттік қызметін көрсетуді бастады.
2020 жылғы 7 қазандағы ҚР ҰКО ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ нәтижелері бойынша акті алынды.
Интернет-ресурс: pki.gov.kz
ҚР мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР МО КО) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық.
ҚР МО КО 2007 жылғы 29 мамырдан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
ҚР МО КО алынған тіркеу куәліктерін пайдалана отырып, ЭҚАБЖ электрондық құжаттарына қол қою мүмкіндігі бар планшетте мемлекеттік қызметшінің мобильді жұмыс орны іске асырылды.
ОМО және ЖАО мемлекеттік қызметшілеріне веб-интерфейстің көмегімен МО КО тіркеу куәліктерін шығаруға/кері қайтарып алуға онлайн өтініш беруге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілді.
2020 жылғы 7 қазандағы ҚР МО КО ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ нәтижелері бойынша акті алынды.
Интернет-ресурс: ucgo.gov.kz
ҚР негізгі куәландырушы орталығы
Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР НКО) – Қазақстан Республикасының куәландырушы орталықтарының өзара іс-қимылының иерархиялық моделін құруға, электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру, байланыс арналарын қорғау (кілттерді шифрлау) және электрондық транзакцияларды кепілді қорғауды және интернет және басқа да желілер арқылы деректерге қолжетімділікті талап ететін электрондық құжат айналымы, электрондық коммерция, сауда жүйелеріндегі аутентификация үшін пайдаланылатын ашық кілттерге сенім жүйесін құруға арналған ақпараттық жүйе.
ҚР куәландырушы орталықтарының өзара іс-қимылының иерархиялық моделін құруға арналған.
2011 жылғы 30 наурыздан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
2020 жылғы 7 қазандағы ҚР НКО ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ нәтижелері бойынша акт алынды.
Аккредиттелген КО:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;
- «Гамма Технологии» ғылыми-зерттеу зертханасы» ЖШС;
- «Business & Technology Services Digital» куәландырушы орталығы;
- «Kaspi Bank» АҚ куәландырушы орталығы;
- «Халық Банкі» АҚ куәландырушы орталығы;
- «Евразиялық Банк» куәландырушы орталығы;
- «BTS Digital» куәландырушы орталығы;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК;
- «Банк Хоум Кредит» куәландырушы орталығы;
- «ЦентрКредит» ДБ АҚ куәландырушы орталығы;
- «Forte Bank» АҚ куәландырушы орталығы;
- «Бірінші кредиттік бюро» куәландырушы орталығы;
- «Фридом финанс банк» АҚ куәландырушы орталығы;
- «Biometric» ЖШС;
- «Колеса» АҚ;
- «Jusan Bank» АҚ;
- «Bereke Bank» АҚ;
Интернет-ресурс: root.gov.kz
ҚР сенім білдірілген үшінші тарапы
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СБҮТ) – трансшекаралық өзара іс-қимыл шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе. Қазіргі уақытта ҚР СБҮТ мемлекетаралық тестілеуден өтуде.
Трансшекаралық өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асыратын бағдарламалық-аппараттық кешен ҚР аумағында берілген шетелдік ЭЦҚ мен ЭЦҚ түпнұсқалығын растау болып табылады.
2015 жылғы 19 қарашадан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
Шеңберінде ҚР СБҮТ жұмыс істеуінің ағымдағы бағыттары:
1) ЕЭО АЖ;
2) электрондық мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу;
3) байланыс саласындағы өңірлік достастық;
4) ҚР СБҮТ-тың шет мемлекеттердің СБҮТ-мен ақпараттық өзара іс-қимылы.
Интернет-ресурс: dts.gov.kz.
Мемлекеттік органдардың интранет-порталы
Мақсаты: мемлекеттік органдардың интранет-порталын құрудағы басты мақсат - бірыңғай ақпараттық ортаны қалыптастыру және мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін автоматтандыру болып табылады.
Мемлекеттік органдардың интранет- порталы (МОИП) міндеттері мен бағыты :
- мемлекеттік қызметтің корпоративтік мәдениетін дамыту құралын жасау;
- әртүрлі ведомстволардың мемлекеттік қызметшілері арасында тікелей байланысты орнатуға көмектесу;
- ведомстволар ішінде және мемлекеттік органдар арасында білім алмасу, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру;
МОИП негізгі бизнес-процестері:
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына келісім алу;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарларының орындалуына мониторинг жасау, мемлекеттік органдардың операциялық жоспарларының орындалуына мониторинг жасау;
- мемлекеттік қызметшілер санының мониторингі;
- ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік органдарға берілген тапсырмалары туралы ескертіп отыру;
- Онлайн режимде құжаттармен бірігіп жұмыс жасау;
МОИП қосымша қызметтері:
- Бірыңғай электрондық пошта;
- «Сандарттар» деректер қоры;
- «Құжаттар кітапханасы» деректер қоры;
- «Заңнама» деректер қоры;
- Қазақша-орысша-ағылшынша сөздік;
- Хабарландыру тақтасы;
- Міндеттерді жоспарлау мүмкіндігі бар күнтізбе;
- Жаңалықтар лентасы түріндегі хабарлаушы;
- Жылдам хабар алмасу;
- ҚР мемлекеттік органдарының анықтамалығы;
- Сауалнама жүргізу / әлеуметтік сауалнамалар;
- Форум.
МОИП АЖ мынадай ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды қолдайды:
- ЭҚАБЖ;
- «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы веб-порталы» АЖ;
- ҚР МО КО;
- БЭПЖ;
- «Әділет» - ҚР нормативтік құқықтық актілерінің деректер қоры;
- «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімі» және «Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийлері» АЖ;
- Архитектуралық портал - «Ақпараттандыру саласындағы білім базасы»;
- «Е-қызмет» ЫАЖ;
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Корпоративтік порталының «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің» қосалқы жүйесі.
Қазіргі уақытта, МОИП- на барлық орталық мемлекеттік органдар қосылды, оның ішінде комитеттер мен аумақтық органдар және 16 жергілікті атқарушы орган, оның ішінде Астана, Алматы қалалары.
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры
«Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қоры бұл Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың азаматтық халді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті бірыңғай жүйесі.
Негізгі мақсаты: Жеке тұлғалар туралы мәліметтерді есепке алу, жинау және сақтау (негізгі дербес деректер (ЖСН, Т.А.Ә., жынысы, туған күні мен орны және т. б.), туу/қайтыс болу туралы куәлік, тұрғылықты жерінің/уақытша тіркеудің мекенжай деректері, жеке басты куәландыратын құжат, туыстық қатынастар (жұбайы мен балалары), әрекетке қабілеттілік туралы, ЖСН алып тастау туралы, хабар-ошарсыз кеткендер туралы және т. б.
Міндеттері:
- Жеке сәйкестендіру нөмірлерін тіркеу есебін жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелеріне жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну, атап айтқанда, АХАЖ бөлімдерінде, құжаттамада, әлеуметтік сақтандыру, медициналық қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру, салық және басқа да қызметтер салаларында жеке тұлғаларды тіркеудің барлық жүйелерін бірыңғай логикамен біріктіру.
2007 жылғы 13 желтоқсан: «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорын тұрақты пайдалануға беру туралы актіге қол қойылды.
ЖТ МДҚ Қазақстан Республикасы ведомстволары мен мемлекеттік органдарының 118 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған.
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) - ақпараттық жүйе бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге арналған және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің және ҚР ҚМ МКК Ұлттық статистика бюросының ведомстволық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беруді қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру мерзімі:
- 2003 - 2007 жылдары - құру, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және іске қосу;
- 2008 - 2009 жылдары - жүйені сүйемелдеу;
- 2009 - 2010 жылдары - тәжірибелік пайдалану және жаңғыртылған жүйені енгізу;
- 2011 ж. - қазіргі уақытқа дейін өнеркәсіптік пайдалануда, жаңғыртылған АЖ сүйемелдеу.
ЗТ МДҚ жобасының міндеттері:
- Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тіркеу есебін жүзеге асыру;
- Заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді ұсыну мақсатында ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау және өңдеу;
- БСН арқылы заңды тұлғаларды бір мәнді сәйкестендіру;
- Заңды тұлғаларды сәйкестендіру бөлігінде әртүрлі ведомстволарға тиесілі ақпараттық ресурстарды ықпалдастыру;
- Заңды тұлғалар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді сақтайтын және ұсынатын орталықтандырылған деректер базасын құру;
- Ұсынылған тіркеу ақпаратын «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер қорының деректерімен салыстыру арқылы «жалған кәсіпорындарды» заңсыз тіркеу фактілерінің жолын кесу;
- Әрекетсіз заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтайшысы болып табылатын тіркелген заңды тұлғалардың фактілердің жолын кесу.
ЗТ МДҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының 112 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған.
Азаматтық хал актілерінің жазбасы
АХАЖ ақпараттық жүйесі- Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін белгілі бір оқиғалар бойынша тіркеуге арналған (туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және ТАӘ ауыстыру), бұл ретте жеке тұлғалардың тууы мен қайтыс болуы туралы мәліметтер ЖТ МДҚ-ға беріледі.
Негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтау (туу, неке қию/бұзу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, Т.А.Ә. өзгерту, қайтыс болу), сондай-ақ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері үшін осы мәліметтерді ұсыну.
АХАЖ АЖ міндеті - ҚР халқының азаматтық хал актілерін оқиғалар бойынша тіркеу (туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және Т.А.Ә. өзгерту).
Жүйені дамытудың негізгі кезеңдері:
- 2007 жылғы 13 тамызда АХАЖ АЖ туу туралы мәліметтерді тіркеу режимімен тұрақты (өнеркәсіптік) пайдалануға енгізілді;
- 2008 жылғы 14 сәуірде бала асырап алу, әке болуды анықтау және ТАӘ өзгерту туралы акт жазбаларын тіркеу режимі енгізілді;
- 2008 жылғы 1 мамырда - қайтыс болу туралы акт жазбаларын тіркеу режимі;
- 2008 жылғы 1 маусымда - неке қию және бұзу туралы акт жазбаларын тіркеу режимі.
АХАЖ АЖ Қазақстан Республикасы ведомстволары мен мемлекеттік органдарының 25 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған.
Ақпараттық қауіпсіздік
2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің № 72 лицензиясы негізінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да (бұдан әрі - «ҰАТ» АҚ) Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы (бұдан әрі - АҚЖО) құрылды.
«ҰАТ» АҚ-ның АҚЖО-сы – бұл, негізінен, ақпараттық қауіпсіздік жөніндег талдаушылардан, операторлар мен инженерлерден тұратын кәіби мамандар құрамы, олар тәулік уақытына қарамастан, 24/7 режимінде «электрондық үкімет» пен АҚЖО-ға қосылған мемлекеттік органдардың ақпаратық жүйелері ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
АҚЖО міндеттері:
- тәулік бойы АҚ инциденттеріне мониторинг жүргізу мен олады анықтау;
- АҚ инциденттеріне жауап беру;
- журнал оқиғаларын үзіліссіз қабылдау мен сақтауды, сондай-ақ оларды Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығына (бұдан әрі - АҚҰҮО) беруді қамтамасыз ету;
- АЖ осалдықтарын анықтау, тапсырыс берушінің серверлері мен инфрақұрылымын енуге тестілеу;
- бастапқы кодты талдау;
- тапсырыс берушіге АҚЖО жасаған жұмыс туралы толық есеп беру;
- АҚ қамтамасыз ету және ықтимал қауіп-қатерлерді азайту үшін тапсырыс берушіге ұсынымдар беру.
«ҰАТ» АҚ АҚЖО-сының артықшылықтары:
- АҚЖО-ның «24х7х365» режиміндегі тәулік бойғы жұмысы;
- АҚ жүйелері мен АҚЖО инфрақұрылымын мемлекеттік органдардың Серверлік орталығында орналастыру, соның салдарынан жүйелер төзімділігінің, сондай-ақ құпиялылықтың, қолжетімділік пен тапсырыс берушінің деректері тұтастығының жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі;
- Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (бұдан әрі - МО БКО) қолжетімділіктің болуы, ол тапсырыс берушінің ақпараттандыру объектілерін бар МО БКО байланыс арналары бойынша АҚЖО-ға сенімді және қауіпсіз қосыды ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
- ISO/IEC 27001 Менеджмент жүйесі бойынша халықаралық сертификаттардың болуы және ISO 9001 Сапа менеджменті жүйесімен және ISO/IEC 20000 Қызметер менеджментімен интеграциясы;
- АҚҰҮО-мен тығыз өзара іс-қимыл, соның ішінде ақпараттандыру объектілерінің қорғалуы мен жұмыс істеуі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу мәселелері бойынша;
⃰Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және басқалары сияқты түрлі МО-ның ақпараттандырудың күрделі және маңызды оьъектілерін АҚЖО-ға сәтті қосу тәжірибесі.
«Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі
«Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесінің мақсаты - «Е-үкімет» құрауыштарымен әкімдіктердің аумақтық ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік электрондық қызметтерді халыққа ұсыну. Үлгілік шешімді енгізу халыққа қызмет көрсету бойынша әкімдіктердің жұмысын қызмет көрсетудің бірыңғай стандартын енгізуді, өтініштердің бірыңғай нысанын, қызмет көрсетудің бірыңғай механизмін біріздендіруге мүмкіндігін береді, бұл:
- Халық және бизнес құрылымы үшін қызмет ұсыну процесін жеңілдетеді;
- кезекке тұрудың саны мен құжаттарды жинақтау процесін қысқартады;
- Қызметтер мәртебесі туралы өтініш берушілерді хабардандыру есебінен электрондық қызметті ұсынудың бизнес-процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- Электрондық түрде халыққа көрсетілетін қызмет санын ұлғайтуға мүмкіндігін береді.
Жүйе арқылы әлеуметтік маңызды қызметтер «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «Мұрағат анықтамаларын беру», «2020 жылға дейінгі өңірлік даму бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы үшін I және III топтағы азаматтардан өтінімдер мен құжаттарды қабылдау» сондай-ақ неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтері және білім, мұрағаттар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармасы бөлімдерінің функциялары іске асырылды.
Жобаның 2016 жылға арналған көрсеткіштері:
- Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аудандарының 99%-ын қамту;
- 17 мемлекеттік қызмет және 5 қызмет көрсету сервисі, республикалық ауқымдағы 2 электрондық тізілімдер (қорғаншылық және қамқоршылық бойынша электрондық тізілім, жеке қосалқы шаруашылықтардың электрондық тізілімі) жұмыс істейді;
- 2016 жылы 10 айдың ішінде ЭҮӨШ арқылы 1 946 600 ЖАО-дың мемлекеттік қызметтері көрсетілді, (2015 жылмен салыстырғанда 42% -ға артық) олардың ЭҮП үлесі – 46% ХҚКО - 34%, ЖАО – 20%-ды құрады.
«Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі»
Мемлекеттік органдарды құжаттамалық қамтамасыз етудің ведомстволық және ведомствоаралық технологиялық процестерін біріздендіру жолымен мемлекеттік органдардың іс жүргізуінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру:
- электрондық құжаттарды жеткізу уақытын қысқарту;
- құжаттарды тіркеу және іздеу уақытын қысқарту;
- Қазақстан Республикасының іс қағаздарын жүргізудің бизнес-процестерін реттеу;
- электрондық құжаттардың жеткізілуіне кепілдік беру (хатты жөнелтушіге жеткізу туралы электрондық хабарламаны жіберу).
ОМО және ЖАО ЭҚАБЖ орталығы арқылы жіберілген электрондық құжаттардың саны 80,34% және 79,90% құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Мемлекеттік органдарда бұлыңғыр құжат айналымына көшу» деген 62-тармағын орындау мақсатында 2021 жылғы 18 наурыздағы жай-күйі бойынша ОДО-ға 65 МО (24 орталық, 38 комитет, 1 бюро, ҚР Президенті Іс Басқармасының 2 ведомствосы), МО-ның 280 аумақтық бөлімшелері, 2 Жергілікті атқарушы орган ауыстырылды.
БҚА-на қосылған пайдаланушылар саны 17 000-нан асады.
Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарды бұлтты құжат айналымына көшіру жалғасуда
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (МЖТ АЖ) – Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкіметтің» негізгі компоненттерінің бірі және ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Негізгі мақсаты:Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастыру.
Міндеті:мемлекеттік органдар мен ведомстволардың ақпараттық жүйелерін әкімшілік-аумақтық құрылғылар, оның бөліктері және Қазақстан Республикасы территориясы аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан орны туралы мәліметтермен қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлары туралы ақпараттарды бірыңғай форматқа келтіру.
Ақпараттық жүйенің мақсаты:
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін толық, нақты және жылдам түрде мекенжай деректерімен қамтамасыз ету;
- жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын өзекті жағдайда ұстау;
- мекенжайлардың өзгеру тарихын жүргізуді қамтамасыз ету;
- мүдделі жақтардың мемлекеттік қызметті алуда жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайы туралы ақпаратты алу үрдісін жылдамдату.
Жүйенің негізгі даму кезеңдері:
- 2007 жыл - жүйе өндірістік қолданысқа берілді.
- 2012 жыл - орталықтандырылған архитектураға көшу бөлігінде жүйені жаңарту;
- 2013 жыл - мемлекеттік деректер қорлары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне мекенжай деректерін ұсынуды бастау;
Жүйені қолданушылар: Облыстық, қалалық және аудандық, деңгейдегі жергілікті атқару органдар (ономастика бойынша комиссиялар, сәулет және қала құрылысы бөлімдері), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері.
МЖТ АЖ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және басқа да ұйымдардың 57 ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған.
Мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы
Қазіргі уақытта МО БКО келесі инфрақұрылымға ие:
Астана қ. үлестірілген оптикалық-талшықты желісін қамтитын, сонымен қатар ҚР облыс орталықтары мен Алматы және Шымкент қаларындағы қалалық желілірін МО БКО жерүсті сегменті.
Қалалық желілерді ұйымдастыру Астана қ. ядроның 40Гбит/с және облыстық орталықтарында 10Гбит/с дейін ішкі өткізу қабілетімен әрбір абонентке (мемлекеттік органға) дейін 1Гбит/с жылдамдықпен IP/MPLS технологиясын пайдаланумен жүзеге асырылады.
Желіні құру техникалық шешім келесі талаптарды қанағаттандырады:
- желі сенімділігінің жоғарғы дәрежелігі 99,95% кем емес;
- желілік ресурстарының жоғарғы қауіпсіздігін қаматамасыз ету;
- қызмет көрсету сапалылығын қолдау және сервистік деңгейін басқару;
- желі ресурстарын бақылау және оларды пайдалануды жоспарлау.
Мемлекеттік органдардың деректерді беру желісінің негізгі технологиясы ретінде MPLS технологиясы таңдалды, оның негізінде әрбір мемлекеттік орган бөлінген, оқшауланған желі алады.
МО БКО спутниктік сегменті Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтиды. Қоғамның қашықтағы терминалдары 512 кбит/с-тен 8 Мбит/с-қа дейінгі кері арна өткізу қабілетін қолдайды. DVB-S2X ACM деректерді жіберуге арналған заманауи спутниктік хабар тарату стандарттарына қолдау көрсетіледі. Спутниктік арналар ағымдағы белсенді лицензиямен шифрлау арқылы қорғалған. Желілік инфрақұрылым қауіпсіз байланысты қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік 3 негізгі функцияны қамтиды:
- Аутентификация
- Құпиялылық
- Тұтастық
МО БКО сымсыз сегменті 512 кбит/с-тан 20 Мбит/с дейінгі деректерді беру арнасының өткізу қабілетімен 179 аудан орталығы мен Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар 11 қаласын қамтиды. Байланысты ұйымдастыру схемасы аудан орталықтарына облыстық және республикалық торап бағыты бойынша мәліметтерді жіберуге мүмкіндік береді.
Талшықты-оптикалық байланыс желілері
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалпы ұзындығы 958 135 м құрайтын жеке талшықты-оптикалық байланыс желілері ұйымдастырылған.
Дата-орталық
Мемлекеттік органдардың серверлік орталығы 2010 жылғы 18 тамызда қолданысқа берілді. Мемлекеттік органдардың серверлік орталығы TIA-942 стандарты бойынша, істен шығуға төзімділіктің 2-ші деңгейіне сәйкес келеді, яғни істен шығуға тұрақтылық 99,749% -ға тең (өндірістің тоқтап қалу уақыты жылына 22 сағаттан көп емес).
«Серверлік орталық (Дата-орталық)» жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік органдар үшін АТ-сервистерді ұсынудың тиімді орталықтандырылған моделін құру, сондай-ақ электрондық үкіметтің инфрақұрылымын тиімді басқару және дамыту болып табылады.
Міндеттері:
- Серверлік орталық инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік органдардың серверлік және телекоммуникациялық жабдықтарын орналастыру бойынша қажетті техникалық жағдайлар жасау (электрмен қоректендіру, баптау, қауіпсіздік және т.б.);
- Серверлік орталықтың қызметтерін ұсыну (colocation, dedicated).
ҚР мемлекеттік органдарының электрондық пошталық сервисі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 07-7.43 ҚБПҮ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің 2011 жылғы 01 маусымдағы Мемлекеттік органдардың ведомствоаралық электрондық пошта жүйелерін (бұдан әрі – МО) қамтамасыз ету туралы № 21-27/2215 ҚБПҮ тапсырмалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық пошта жүйесін құру қажеттілігі бар.
Жобаның мақсаты: мемлекеттік органдарды (бұдан әрі - МО) сервистің кепілдік берілген деңгейімен және қауіпсіз электрондық пошта алмасу мүмкіндіктерімен қорғалған жүйемен қамтамасыз ету.
Жобаның міндеттері:
- МО-да бірыңғай корпоративтік пошта жүйесін ұйымдастыру;
- оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- ақпараттың сақталуы және құпиялылығы.
ХҚКО ықпалдастырылған ақпарттық жүйесі
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚҚО ЫАЖ) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен, сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволар арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызметтер көрсету процесін автоматтандыруға арналған.
Жобаны іске асыру мерзімі:
- 2008 жыл - бастамашылық (құру) - 1-кезең;
- 2010 жыл - тәжірибелік пайдалану -2 кезең;
- 2011 жыл - өнеркәсіптік пайдалану - 3 кезең;
- 2012 - 2013 жылдар - ХҚКО ЫАЖ дамыту
- 2014 - 2018 - ХҚКО ЫАЖ сүйемелдеу
Жобаның мақсаты ҚР азаматтарына ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады.
ХҚКО ЫАЖ құрудың мақсаты жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету процестерін жеделдету арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметтерін алу ыңғайлылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді дамытудың басым бағыты болып табылады. Халыққа қызмет көрсетуді автоматтандыру осы саладағы мемлекеттік жоспарлау мен бақылаудың сапалы жаңа деңгейіне өту үшін қажетті алғышарттар жасайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін автоматтандырудың кешенді жүйесін енгізу ХҚКО жұмысының тиімділігін едәуір арттырады, "бір терезе" режимінде азаматтардың өтініштерін басқарудың қуатты және икемді жүйесін құруға мүмкіндік береді, халықтың сұрау салуларын өңдеу процесін жеделдетеді және регламенттердің орындалуына дамыған мониторинг пен бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ХҚО ЫАЖ ХҚО автоматтандыру бойынша іске асырылған шешімдерге нақты толықтыру болады және халыққа қызметтер көрсету жөніндегі ақпаратқа қол жеткізу мен басқарудың бірыңғай нүктесіне айналып, ХҚО арқылы азаматтармен өзара іс-қимыл жасайтын кез келген мемлекеттік орган үшін "бір терезе" қағидатын барынша тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру міндеті шешілуде.