«Е – Заң көмегі»
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»2018 жылғы 5 шілдедегі №176-VI Заңының 24-бабын орындау үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Е – Заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі–«Е-Заң көмегі») әзірледі.
«Е–Заң көмегі» жобасының мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегіне мұқтаж ету, адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыру болып табылады.
«Е-Заң көмегі» артықшылықтары:
- «Е-Заң көмегі» арқылы жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді енгізу арқылы азаматтарға консультация беру кезеңінде тиімді құқықтық көмек көрсету мүмкіндігі»;
- адвокаттар мен заң консультанттарын сот процесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді тексерудің замануи құралдарымен қамтамасыз ету;
- қорғаушы немесе өкіл ретінде өз міндеттерін орындау кезінде дәлелдемелер жинау жөніндегі жұмыс процесін жеделдету;
- онлайн режимінде мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсетуді және есепке алуды автоматтандыру;
- сот пен құқық қорғау органдарына адвокаттар мен Заң консультанттарының мәртебесі мен өкілеттіктерін онлайн режимде тексеруге мүмкіндік беру;
- заң консультанттары палатасына мүшелік тізілімін жүргізу;
- аң консультанттарының электрондық тізілімінен үзінді көшірме алу мүмкіндігі;
- міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен үзінді алу мүмкіндігі);
- адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға мәліметтер сұрау бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау;
- аумақтық адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының веб-порталдарын жүргізу;
- заңнамаға байланысты кез-келген мәселенің оңтайлы шешімін тез табуға мүмкіндік беретін құқықтық ақпарат кешені, сондай-ақ ақпараттың үлкен көлемін талдау мүмкіндігі бар анықтамалық-құқықтық жүйе.