Мемлекеттік органдардың интранет-порталы
Мемлекеттік органдардың интранет- порталы
Мақсаты: мемлекеттік органдардың интранет-порталын құрудағы басты мақсат - бірыңғай ақпараттық ортаны қалыптастыру және мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін автоматтандыру болып табылады.
Мемлекеттік органдардың интранет- порталы (МОИП) міндеттері мен бағыты :
- мемлекеттік қызметтің корпоративтік мәдениетін дамыту құралын жасау;
- әртүрлі ведомстволардың мемлекеттік қызметшілері арасында тікелей байланысты орнатуға көмектесу;
- ведомстволар ішінде және мемлекеттік органдар арасында білім алмасу, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттыру;
МОИП негізгі бизнес-процестері:
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына келісім алу;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспарларының орындалуына мониторинг жасау, мемлекеттік органдардың операциялық жоспарларының орындалуына мониторинг жасау;
- мемлекеттік қызметшілер санының мониторингі;
- ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік органдарға берілген тапсырмалары туралы ескертіп отыру;
- Онлайн режимде құжаттармен бірігіп жұмыс жасау;
МОИП қосымша қызметтері:
- Бірыңғай электрондық пошта;
- «Сандарттар» деректер қоры;
- «Құжаттар кітапханасы» деректер қоры;
- «Заңнама» деректер қоры;
- Қазақша-орысша-ағылшынша сөздік;
- Хабарландыру тақтасы;
- Міндеттерді жоспарлау мүмкіндігі бар күнтізбе;
- Жаңалықтар лентасы түріндегі хабарлаушы;
- Жылдам хабар алмасу;
- ҚР мемлекеттік органдарының анықтамалығы;
- Сауалнама жүргізу / әлеуметтік сауалнамалар;
- Форум.
МОИП АЖ мынадай ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды қолдайды:
- ЭҚАБЖ;
- «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы веб-порталы» АЖ;
- ҚР МО КО;
- БЭПЖ;
- «Әділет» - ҚР нормативтік құқықтық актілерінің деректер қоры;
- «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімі» және «Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийлері» АЖ;
- Архитектуралық портал - «Ақпараттандыру саласындағы білім базасы»;
- «Е-қызмет» ЫАЖ;
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Корпоративтік порталының «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің» қосалқы жүйесі.
Қазіргі уақытта, МОИП- на барлық орталық мемлекеттік органдар қосылды, оның ішінде комитеттер мен аумақтық органдар және 16 жергілікті атқарушы орган, оның ішінде Астана, Алматы қалалары.