Skip to main content

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Техникалық ақауларға байланысты «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде алдағы 24 сағатта жоспардан тыс жұмыстар жүргізіледі. Осы себептен жылжымайтын мүлікке қатысты, оның ішінде жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу, тұрғылықты жер бойынша тіркеу, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамалар және т.б. қызметтерді  алу уақытша мүмкін болмайды.

Аталған қызметтерге egov.kz электрондық үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде қол жеткізу мүмкін болмайды.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өз тарапынан мемлекеттік деректер қорының жұмысын барынша жылдам қалпына келтіру үшін жедел жұмыстар атқарып жатыр.