Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру жөніндегі қызметі elicense.kz порталында қолжетімді
Elicense.kz порталында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі автоматтандырылды. Аталмыш қызметті жеке тұлғалар тегін ала алады.
Енді ҚР ДСМ 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық халық саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалаудан, білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен медицина қызметкерлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі.
Сертификат алуға өтініш беру үшін не қажет:
- Сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
- Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны);
- Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
- Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта);
- Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта);
Маман сертификатын алу үшін пайдаланушы elicense.kz порталында электрондық өтінішті толтырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.
Қызмет көрсету нәтижесі маман сертификаты түріндегі рұқсат құжаты және пайдаланушының «Қызметтер алу тарихы» модуліндегі «Жеке кабинетіне» жіберіледі. Өтініш бойынша бас тарту болған жағдайда дәлелді бас тартудың нәтижесі сақталады.
Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитеті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.