«ҰАТ» АҚ 3500-ге жуық оқытушыларды оқытты
Ағымдағы жылғы 1-маусымнан бастап Қазақстанда цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған ауқымды оқыту науқаны басталды.
Қазақстандықтардың әрқайсысына онлайн-өмірде әрқашан сұранысқа ие болатын бағыттағы курстар арасында eGov.kz электрондық үкімет порталы мен OpenGov.kz ашық үкіметі бойынша курстарға басымдық берілген.
«Ашық үкімет» ақпараттық және транзакциялық курсы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы қатысып келеді.
«Мамыр айының ішінде «ҰАТ»АҚ еліміздің барлық аймақтарында 3500 оқытушыларды сәтті дайындап оқытты, бұдан былай олар өзбетінше халықты цифрлық сауаттандыру бойынша оқытулар жүргізетін болады. 2018 жылғы 1-маусымнан 29-тамызға дейін осы оқытушылар арқасында, біз әзірлеген материалдар мен бағдарламалардың арқасында облыстық және аудандық әкімдіктер 500 мың азаматтарды оқытады. 2018 жылғы 31 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында біз мүмкіндігі шектеулі 24 адамға арналған тренинг өткіздік. Қосымша оқытушылар қажет болған қалаларда біздің облыстық ақпараттық технологиялар орталықтарының мамандары оқытушы ретінде тартылатын болады. «Ашық үкімет» оқыту курсын игерген кез-келген азамат интернет желісіне қосылу арқылы порталдың барлық 4 компоненттерін дербес түрде пайдалануға, мемлекеттік органдардың қажетті ақпараттымен танысуға, НҚА жобаларын талқылауға қатысуға, бюджеттерге, сондай-ақ мемлекеттік органдарға сұрау салулар мен өтініштер жіберу мүмкіндіктерін пайдалана алады. OpenGov.kz порталы арқылы ақпарат беру арқылы Үкімет халықтың сенімін арттырады. Егер бүгінгі күні орта есеппен 7000-нан астам адам Ашық үкімет порталына келіп жатса, онда халық санының сауаттылығын көтергеннен кейін бұл көрсеткіш тек өсетінен мен сенімдімін», - деп атап өтті «ҰАТ»АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Ашық үкімет порталы дегеніміз не және оны халықтың біліп пайдалану маңызы барма?
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның шеңберінде мемлекет жұмысына халықты тарту үшін, сондай-ақ, азаматтардың тікелей ауылдық жерлерде немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде онлайн режимінде жылдам хабар алмасуы үшін «Ашық үкімет» жобасы (OpenGov.kz) жасалуда, кез келген өтінішті немесе мемлекеттік органға жүгінуді, жобаларды талқылауға, онлайн конференцияларға қатысуға немесе қажетті мәліметтерді алуға белсенді қатысады.
Компоненттің негізгі болып табылатын «Ашық деректер», терезелерде орналасқан барлық ақпараттық статистика талдаулар әртүрлі анықтамалық ақпаратпен барлық салалар бойынша алуға болады. Бұдан басқа порталда пайдаланушылар өтінімді жариялауға жиынтығын ашық деректерге жіберуге мүмкіндік алады. Азаматтар үшін көптеген мүмкіндіктер «Ашық диалог» компоненті арқылы жүзеге асырылады, осында мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасында сұрақтар қоюға, сондай-ақ интернет-конференцияларға қатысуға болады. Бүгінгі таңда Ашық диалог үшін 223 мыңнан астам қоңырау мен өтініштер келіп түсті. Мемлекеттік органдар барлық келушілер үшін 350-ден астам интернет-конференциялар өткізді.
Заң жобалары мен нормативтік-құқықтық актілер жобасын талқылауға қатысу үшін бюджеттік бағдарламалар, «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер» компоненттері құрылды. Мұнда әркім өзінің пікірін білдіріп және дамуына қатыса алады. Порталдарға ашық қолжетімді талқылау үшін 26 мыңнан астам заң жобалары және бюджеттік бағдарламалардың 27 мыңнан астам жобалары орналастырылған.
Бұдан басқа, «Ашық үкімет» порталында жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың атқарған жұмыстары мен жетістіктері, бюджетті пайдалану туралы есептері мен сыртқы аудиттер нәтижелері және мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы есептер ұсынлған.
Айта кетерлік, «Ашық үкімет» курсының видео сабақтарының толық жазбасы kaztube.kz бейне хостингінде жалпыға қолжетімді болады.