Skip to main content

«ҰАТ» АҚ Көлік құралдарын әкелуге қатысты ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР ақпараттық жүйелері мен ЕЭК Кеңесінің шешімімен айқындалған Электрондық паспорт жүйелерінің әкімшісі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды.

Осы келісім аясында:

- Электрондық паспорттармен алмасу;

- Автомобильдерді тіркеу, ЕАЭО құқығымен белгіленген қандай да бір шектеулердің болуы туралы мәліметтер алмасу;

- «Авто конструкторлардың» қазақстандық нарығына немесе техрегламент талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ айдап әкетуде есептелетін автомобильдерге қолжетімділікті шектеу жүзеге асырылатын болады.

Аталған келісімге қол қою халықаралық міндеттемелерді бұзбай, автомобильдерді Қазақстанға заңсыз әкелуді шектеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.