Skip to main content

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЦИФРЛЫҚ СЕНІМХАТЫ

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «eGov Business» мобильді қолданбасында «Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты» сервисін іске қосқаны туралы хабарлайды.

Бұл сервис ұйым басшыларына өз қызметкерлеріне сенімхат беру процесін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді.

Бұған дейін заңды тұлғалардың басшылары сенімхаттарды тек қағаз түрінде рәсімдеген, бұл көлік шығындары мен кеңсе тауарларына белгілі бір уақыт пен қаржылық шығындарды талап еткен, сондай-ақ мұндай сенімхаттардың заңдылығын тексеру мүмкіндігі болмаған.

Енді заңды тұлғалардың басшылары ЭЦҚ-ға қол қою арқылы өз қызметкерлеріне онлайн форматта сенімхаттарды оңай және қауіпсіз бере алады, бұл ұйым ішіндегі өзара іс-қимылды одан да тиімді, ашық және ыңғайлы етеді.

Пайдаланушыға онлайн сенімхат беру үшін:

- eGov Business мобильді қолданбасында авторизация жасау;

- басты бетте «Сенімхаттар» қойындысына кіру және «Сенімхат құру» батырмасын басу;

- қажетті өрістерді толтыру, «Сенімхат жасау» батырмасын басу және содан кейін «Қол қоюды» басу қажет.

Қол қойылғаннан кейін сенім білдірілген жеке тұлғаға еGov Mobile қолданбасының Жеке кабинетіне хабарлама келіп түседі. Бұдан әрі қолданыстағы сенімхат туралы ақпарат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде сақталады. Өз кезегінде заңды тұлғаның бірінші басшысында eGov Business қолданбасының «Сенімхаттар» қойындысында бұрын берілген барлық сенімхаттармен танысу мүмкіндігі бар.

Онлайн сенімхат – бұл компанияның атынан жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін сенімхаттарды басқарудың заманауи және қауіпсіз әдісі.