Skip to main content

Баланың туылуы бойынша проактивті қызмет @EgovKzBot-те қолжетімді

26.09.2018 ж. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚTelegram-бот @EgovKzBot арқылы «Баланың тууы» проактивті қызметі іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

Енді еліміздің азаматтары СМС сұрақтарға жауап бере отырып, @EgovKzBot телеграм мессенджеріндің көмегімен жаңа туған балаға ат қою (беру), «Туу туралы» куәлік алуға өтінім беру және бір жолғы төлем сомасын білу, сонымен бірге баланы бала бақша кезегіне қою мүмкіндіктеріне ие болды.

@EgovKzBot ботта жоғарыда көрсетілген қызметті таңдағаннан кейін, пайдаланушыға баланың туылуына байланысты келетін құттықтау хабарламасымен бірге қалаулы ТАӘ толтыру қажет. Содан кейін деректерді растау немесе өзгерту керек және сұратылған деректерді толтыру қажет. Енгізілген ақпарат нәтижелері бойынша балаға ЖСН беріледі. Одан кейін ботты пайдаланушыға Баланың тууы туралы медициналық анықтамасы бар куәлік алу үшін АХАТ бөлімінің мекенжайы жазылған хабарлама келеді.

Сондай-ақ, хабарламада қосымша қамқоршы немесе ата-ананың банк шотының деректемелері де көрсетілетін болады. Өтініш беруші жеңілдікті тексеруді таңдауы қажет. Деректерді толтыруды аяқтағаннан кейін, пайдаланушыға бір жолғы төлем сомасы туралы хабарлама келеді.

Бот командасын қолдану арқылы, яғни бағытқа ала отырып, баланы балабақша кезегіне қою мүмкіндігі проактивті қызметтің үшінші бөлігі болып табылады.

Telegram-бот арқылы қолжетімді көрсетілетін қызметтер мен сервистердің саны 15-ке жеткендігін еске саламыз. Ағымдағы кезеңде Telegram-бот қызметіне 24 000-нан астам адам жазылған, оның іске қосылуы кезеңінен бастап қызметтерді алуға 27 000-ға жуық сұрау салу жасалды.

Маңызды:

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркеліп, яғни eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте өзінің телефон нөмірін бекіту қажет және өзінің гаджетінде Telegram мессенджердегі боттың іске қосуылуын жүзеге асыру қажет.

@EgovKzBot арқылы қызмет алу уақытында сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтарға 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы және тегін консультация беретін Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ– «электронды үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетеді, мемлекеттік деректер базасындағы ақпараттың қауіпсіздігіне жауап береді («Заңды тұлға», «Жеке тұлға», «Мекенжай регистрі», «Жылжымайтын мүлік регистрі», «Е-лицензиялау», «Е-техбайқау»). Беткеұстар бағыттарбұл – “Электронды үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы,телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.