Қырғыз Республикасының делегациясы «ҰАТ» АҚ жобаларымен танысты
2019 жылғы 25 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығының қатысуымен Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіркеу қызметі өкілдерімен және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен екі жақты кездесу өтті.
«ҰАТ» АҚ қырғыз әріптестерін өздерінің бірқатар «Е – нотариат», «Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі» сияқты жобаларымен таныстырды. Кездесу барысында eGov.kz порталы және Telegram Бот, ЭЦҚ верификациясы арқылы онлайн қызмет көрсету бойынша шешімдерді енгізу және оны іске асыру тәжірибесі талқыланды. Сонымен бірге, «ҚР Электрондық үкіметі» порталы мен mGov қосымшасының мүмкіндіктері де таныстырылды.
«ҰАТ» АҚ спикерлерімен атап өтілген көптеген жобалар мен қызметтердің ішінде Қырғыз тарапын «Ахуалдық орталық» (SmartDataUkimet) жобасы ерекше қызықтырды.
«ҰАТ» АҚ тарапынан кездесуге Басқарма төрағасының орынбасарлары Ақан Сарманов пен Дәулет Бекманов қатысты.
Қырғыз делегациясы ҚР Мемлекеттік тіркеу қызметі төрағасының орынбасары Айнұр Түйбаеваның басшылығымен келді.
Белгілі болғандай, «ҰАТ» АҚ - «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың деректер қорында ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін жауап береді.