Ендігі жерде еңбек иммигранттарына рұқсатты үйден шықпай-ақ ұзартуға болады
"Ұлттық ақпараттық технологиялар "АҚ eGov порталында "Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту " жаңа мемлекеттік қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.
Бұдан былай еңбек иммигранттарына рұқсатты үйден шықпай-ақ онлайн ұзартуға болады. Ол үшін пайдаланушы КП АЖ-де (ҚР ІІМ Көші-қон полициясы комитетінің ақпараттық жүйесі) рұқсат нөмірін тексере алуы үшін "электрондық үкімет" порталында рұқсат беру құжатының нөмірін және рұқсатты ұзарту мерзімін енгізу қажет. Егер КП АЖ-де бастапқы рұқсат табылатын болса, онда өтінім жұмыс берушіге келісу үшін жіберіледі. Содан кейін өтінім пайдаланушыға төлем жүргізу үшін жөнелтіледі. Төлем сәтті өткен жағдайда КП АЖ-нен жеке кабинетке рұқсатты ұзарту туралы анықтама келеді.
Қызметті алу үшін порталда авторлану керек, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтуіңіз, содан кейін өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бір реттік құпиясөз sms көмегімен қол қою қажет болады.
Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" жіберілген "Еңбек иммигрантының рұқсаты" анықтамасы болып табылады.
"ҰАТ"АҚ - "электрондық үкіметтің " ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың деректер қорында ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін жауап беретіні белгілі.