Skip to main content

Жылжымайтын мүлік иелеріне eGov арқылы тіркеуден шығару қолжетімді

24.12.18 ж.,«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Тұрғын үй иесінің өтініші бойынша азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Енді, әрбір жылжымайтын мүліктің иесі үйден шықпай, пәтердегі тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеу есебінен шығару мүмкіндігі бар.

Ол үшін eGov.kz порталындағы қызметке өтіп және жылжымайтын мүліктің орналасқан өңірін таңдау жеткілікті. Бұл ретте, өтінішті растау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) фронт-офистеріне жүгінудің қажеті жоқ.

Бұл қызметті алу үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет екенін есіңізге саламыз. 

Қызметтің нәтижесімен «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде танысуға болады.

Қызмет көрсету нәтижесі азаматтың тіркеуден шықан мәртебесі көрсетілетін құжаттың дайындығы туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Бұрын осы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ғана көрсетілгенін атап өту қажет.

Анықтама: Егер де, тіркелген жеке тұлғалардың мекенжай мәліметтерінде мекенжайды тіркеу коды (МТК) болмаған жағдайда, онда осы тұлғалар тіркелген тұлғалар тізімінде көрсетілмейтіндігіне назарыңызды аударамыз.

                                                                                                                * * * * *

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, Деректер қорындағы («Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекенжай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Е-лицензиялау», «Е-техбайқау») ақпараттың қауіпсіз сақталуына жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ. Д.Қонаев к-сі 14/1

т.: +7-7172-740596

www.nitec.kz