Digital Bridge 2023 халықаралық форумы аясында БАӘ министрлер кабинеті істері министрінің ресми сапары өтті
13 қазанда БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі, делегация басшысыМұхаммед Әл-Гаргауи ресми сапармен болды. Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары, Үкімет Аппаратының басшысы – Ғалымжан Қойшыбаев, ЦДИАӨМ бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м. а. Азамат Жоламанов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, Үкімет Аппараты басшысының орынбасары Саян Құттыбаев,Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Аян Мағұзумов, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Бахтияр Мұхаметқалиев, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Аллен Чайжунусов қатысты.
Кездесуде бүгінде Қазақстан инфрақұрылымды дамытуға, электрондық үкіметке, инновацияларға және жұмыс күшін даярлауға баса назар аудара отырып, цифрландыру саласындағы әсерлі жетістіктерді көрсетіп отырғаны атап өтілді. Бұл күш-жігер елді Орталық Азиядағы цифрлық даму тұрғысынан гүлденген ел ретінде көрсетеді.
Кездесу аясында Қазақстан тарапыцифрландыру саласындағы жетістіктерімен бөлісті. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру, IT-стартаптарды қолдау,«Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қызметі, түрлі жобалар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру барысы туралы айтылды.
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин электрондық үкімет саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталған деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі, eGOV Mobile мобильдік қосымшасы, сондай-ақ МО ИРБП Мемлекеттік сайттарының конструкторы жобаларымен таныстырды.