Оразбек Асхат Елубайұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Туған жылы мен күні: 1976 жылғы 13 сәуір.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Білімі:
1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Математик, инженер-бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек тәжірибесі: еңбек жолын 1995 жылы ҚР БҒМ Қолданбалы математика институтының Компьютерлік математикалық физика зертханасында инженер қызметінен бастады. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімінің Ақпараттандыру және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Транстелеком» АҚ-да басшылық қызметін атқарған. Қазақстан Республикасындағы блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті болған. 2019 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды.
2019 жылғы 1 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Министрліктің қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде аталған лауазымды атқаруда.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.